«Навеки вместе» V достық фестивалі
2018 жылдың 24 қыркүйегінде Г. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен орыс мәдениеті орталығымен бірлескен Қазақстан мен Ресейдің «Навеки вместе» V достық фестивалі өтті.
Фестивальға БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі А. Бородавкин, этномәдени бірлестіктер, БҚО орталықтарының ұжымдары, әуесқой әртістер,студенттер мен қоғам өкілдері қатысты. Іс – шара барысында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті елшісі А. Бородавкин Ресей Федерациясының президенті В.В. Путиннің атынан «М.Шолохов атындағы мемориалды мұражай» жетекшісі Ольга Чакаева және «Старый Уральск» мұражайының директоры Геннадий Мухинге алғыс хаттар табыс етті.
Фестивальда терме ансамбльдері, «Росинка», «Николушка», «Деркулочка» және «Фантазия» өнер көрсетті.