Наурызда қайырымдылық іс жасалды
20 наурызда Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі Наурыз мейрамының қарсаңында «Наурыз – бірлік пен жаңарудың мерекесі» атты мерелік іс-шара мен «Қамқор» атты қайырымдылық акциясын 5-мөлтек ауданы, № 25 жатақханасының ауласында ұйымдастырды.
Аталған іс-шара сонымен қатар, облысымыздағы ҰЭМБ-ң құрылғанына 25 жыл толуына байланысты аталып отыр.
Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға ҚХА этномәдени бірлестігінің төрағалары мен мүшелері, Аналар, Ақсақалдар, Қоғамдық келісім кеңестерінің, «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері, 5-мөлтек ауданының тұрғындары және БАҚ өкілдері шақырылды.
Қонақжай ҰЭМБ мерекелік іс-шара барысында 600 адамға дастарқан жайып, әртүрлі сайыстар ұйымдастырып, мереке төмендегідей бағдарлама бойынша атқарылды:
- Наурыз мерекесіне арналған концерт.
- «Нұрсулу», «Қайнар», «Евразия», «Сәлем» және «Нұр» атты ұйғыр дәмханаларының арасында «Ең дәмді бауырсақ» атты сайыс.
- ҰЭМБ, Аналар кеңесінің белсенді әйелдерінің ұйымдастыруымен мерекелік дастархан.
- Ұйғыр этносының күріш тағамын пісіру әдісі.
Наурыз мейрамы аясында халықтың рухын көтеріп, мәдениетін, әдет-ғұрпын, дәстүрін жарқырата көрсетуі - бүгінгіге мерей, ертеңгіге тағлым, жастарға өнеге.
Аталған іс-шара ұйымдастырушы – Тұрдыева Мухаббат Абдрахманқызының, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаеваның, ҚХА ЭМБ төрағаларының Наурыз мейрамымен құттықтауларынан басталды.
Содан соң «Гунча» би тобы «Ұйғыр» биін билеп, «Ең дәмді бауырсақ» сайысы басталып, аталған сайыс мерекенің көркін кыздыра түсті. Сайыс аясында ЭМБ мүшелерінің арасынан 3 адамнан тұратын әділ қазылар сайланып, «Нұрсұлу», «Қайнар», «Евразия», «Сәлем» және «Нұр» дәмханалары бауырсақтың 5 түрін әзірледі. Барлық қатысушалар сары-домалақ бауырсақтарын пісіріп, өз шеберліктерін ортаға салды. Бауырсақтың түрлері көп және ол әр пішінде болады. Оны әркім өз қалауынша пісіруді дәстүр озығына балап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеді.
Бауырсақ барша халыққа таратылып, ауыз тигендер және қазылар алқасы қатысушыларға жоғары баға берді. Сайыстың қотытындасы бойынша: 1-орын «Евразия», 2-орын «Сәлем», 3-орын «Қайнар» дәмханаларының өкілдері жүлделі сыйлықтарды иеленіп, «Нұрсұлу» және «Нұр» дәмханаларына ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Мейрам соңында қатысушыларға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жиналған қонақтарға дастарқан жайылып, 600 адамға күріш таратылды. Осылайша «ҚАМҚОР» атты қайырымдылық акциясы өз мәресіне жетті.
Наурыз мейрамы қазіргі заманға бейімделіп, қоғамда саяси тұрақтылықты, достық пен келісімді нығайтудың, жалпы қазақстандық, отбасылық мерекенің тетігіне айналды.