Жаңалықтар

Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді

Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді
Фото: gov.kz 22.03.2023 21:19 1139

 Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінің бастамасымен Бангкок қаласындағы БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) штаб-пәтерінде Наурыз мерекесіне орай іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үндістан, Иран, Қазақстан мен Өзбекстан елшіліктері бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға БҰҰ АТМЭӘК Хатшылығының басқа да халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және АТМЭӘК-қа мүше елдердің өкілдері қатысты. 

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК Атқарушы хатшысы Армида Салсиа Алисджабана мерекелік іс-шараға қатысып, Наурыз халықаралық күнін мерекелеудің мәдени әртүрлілікті сақтау мен бүкіл әлем халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін маңыздылығын атап өтті. 

Іс-шараның мәдени бағдарламасы аясында өнерпаздар ұжымдары көрермендер назарына Үндістан, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының фольклорлық және заманауи билерін ұсынды. Мереке қонақтарына Наурыз мекересіне орай әзірленетін ұлттық тағамдар ұсынылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға