Наурыз мерекесіне орай арнайы пойыздар жолға шықты
19.03.2024 06:26
Фото:
Видеодан кадр
Наурыз мейрамы қарсаңында елімізде ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыздар салтанатты түрде жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы игілікті шараға орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ астаналық вокзал перронында жолаушыларға шағын тосын сый ұйымдастырды. Жолаушыларды қара домбыраның күмбірімен қарсы алып, наурыз көже мен бауырсақтан ауыз тигізді.
«Астана-Алматы» №3/4, «Астана-Шымкент» №85/86 мерекелік пойыздары және «Астана-Павлодар» электр пойызы бағыттары бойынша наурыз айының соңына дейін қатынайтын болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

