Наурыз мерекесінде елорданың медициналық ұйымдары қалай жұмыс істейді?
19.03.2025 02:18
Фото:
©El.kz/Мария Рузматова
Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар әдеттегідей жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, елордалық ауруханалар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік мамандандырылған палаталарды бөлу арқылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр бөлмелері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, қоңыраулар 8:00-ден 16:00-ге дейін қабылданады, - делінген мәліметте.
103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы хабарламалар мен қоңыраулар қабылданады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

