Жаңалықтар

«НАУРЫЗ-КЕРУЕНІ» ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРІМЕН ЖҮРІП ӨТТІ

«НАУРЫЗ-КЕРУЕНІ» ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРІМЕН ЖҮРІП ӨТТІ
18.03.2019 03:59 2449

Шымкентте басталған Наурыз мерекесі бүгін, 18 наурызда, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» ұйытқы болуымен «Наурыз – керуені» іс-шарасымен жалғасын тапты.

Осы күні «керуен» «Наурыз» алыңынан жолға шығып, қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Керуенді түйеге мінген ақсақалдар бастаса, жастар жағы атқа отырды.  Арбаға мінген әжелер мен өнерпаздар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері халық әндері мен күйлерінен шашу шашты. Жол-жөнекей бауырсақ пен тәттілер таратып, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Көне дәстүр – «Ақ бүрку» рәсімін өткізу үшін дендро саябаққа аялдап, жаңа жылдың жемісті әрі берекелі болуын тіледі. Одан әрі керуенді «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимараты алдында өтіп жатқан «Армысың, Әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасына жиналған көпшілік ақ жаулықты аналардың шашуымен, ақындардың арнауымен және халқымыздың дәстүріне сай жөн-жоралғылармен күтіп алды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимараты алдында қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы дастархан жайылып, мерекенің басты дәмі Наурыз көже таратылды. Сондай-ақ, жұртшылық түркі халықтарының наурызды тойлаудағы ерекшеліктерін айшықтайтын көрмемен танысып, этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармшылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға