Жаңалықтар

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты
Фото: pixabay.com 15.07.2024 14:20 568

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 сәуірде Қазақстанда «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын.

«Наурыз» бағдарламасының рейтингтік кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлаймыз. Өтініштердің жалпы саны 38 000-нан астам болып, олардың 12 500-і қабылданды, - делінген Отбасы Банктің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Тізімді мына сілтеме арқылы жүктеп, таныса аласыз. 

Айта кетейік, қатысушылардың несиелік өтінім беруге тағы 1,5 ай уақыты бар. Келесі кезең – несие өтінімдерін беру.

Оны үш ыңғайлы тәсілмен беруге болады:

  • Отбасы Банк филиалдарына келіп өтінім беру;
  • тбасы Банкінің кеңесшілері арқылы;
  • Видеобанкинг арқылы онлайн.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға