Наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады
2026 жылдың наурызы қазақстандықтар үшін демалысқа бай ай болмақ. Көктемнің алғашқы айында ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамының арқасында қатарынан бірнеше күн демалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осыған байланысты наурыз а жұмыс күндерінің саны жағынан ең «қысқа» айлардың бірі саналады.
Наурыз айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі – 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз).
Оқи отырыңыз:
- 1 наурызға дейін үлгеріңіз: пәтерін жалға беретіндер нені білуі керек?
- Витаминдерді қай уақытта және қалай қабылдау керек?
2026 жылы бұл мерекелерге байланысты төрт қосымша демалыс күні беріледі. Оның ішінде үш мерекелік күн демалыс күндеріне сәйкес келіп, заңнамаға сәйкес басқа күндерге ауыстырылады.
Жалпы алғанда, 2026 жылғы наурыз айындағы демалыс пен жұмыс күндерінің мынадай:
бес күндік жұмыс аптасында – 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні;
алты күндік жұмыс аптасында – 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні.
8 наурызда қалай демаламыз?
2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, яғни 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күнін ауыстыру тәртібіне сай, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болып белгіленеді. Осылайша қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ал алғашқы жұмыс күні – 10 наурыз, сейсенбі.
Демалыс кестесі:
бес күндік жұмыс аптасында: 7, 8 және 9 наурыз – демалыс, 10 наурыз – жұмыс күні;
алты күндік жұмыс аптасында: 7 наурыз – жұмыс күні, 8 және 9 наурыз – демалыс, 10 наурыз – жұмыс күні.
Наурыз мейрамында қалай демаламыз?
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында тойланады. 2026 жылы бұл күндер мына күндерге сәйкес келеді:
21 наурыз – сенбі,
22 наурыз – жексенбі,
23 наурыз – дүйсенбі.
Мерекелік күндердің бір бөлігі демалысқа түскендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.
Демалыс кестесі:
бес күндік жұмыс аптасында: 21-25 наурыз аралығы – бес күн қатарынан демалыс (сенбіден сәрсенбіге дейін);
алты күндік жұмыс аптасында: 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері, 25 наурыз – жұмыс күні.
Наурыз айындағы өзге мерекелік күндер
Наурызда елімізде бірқатар кәсіби және атаулы күндер де атап өтіледі:
1 наурыз – Алғыс айту күні;
14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) – Амал мерекесі және Жерге орналастыру, геодезия және картография күні.
2026 жылға арналған өндірістік күнтізбе
Бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар үшін 2026 жылғы жұмыс және демалыс күндері мынадай:
Ақпан – 20 жұмыс күні, 8 демалыс;
Наурыз – 18 жұмыс күні, 13 демалыс;
Сәуір – 22 жұмыс күні, 8 демалыс;
Мамыр – 17 жұмыс күні, 14 демалыс;
Маусым – 22 жұмыс күні, 8 демалыс;
Шілде – 22 жұмыс күні, 9 демалыс;
Тамыз – 20 жұмыс күні, 11 демалыс;
Қыркүйек – 22 жұмыс күні, 8 демалыс;
Қазан – 21 жұмыс күні, 10 демалыс;
Қараша – 21 жұмыс күні, 9 демалыс;
Желтоқсан – 22 жұмыс күні, 9 демалыс.
Бұған дейін Қадір түні мен айт қай күндерге тура келетіні туралы жазғанбыз. Сонымен қатар биыл қандай скринингтен тегін өтуге болатынын мына сілтеме арқылы біле аласыз.

