Жаңалықтар

НАТАЛЬЯ КАЛАШНИКОВА: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕДИАЦИЯ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН МЕХАНИЗМ

НАТАЛЬЯ КАЛАШНИКОВА: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕДИАЦИЯ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН МЕХАНИЗМ
27.11.2018 01:27 2781

Бүгінгі таңда медиация даулар мен жанжалдарды шешудің тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы институтты танымал ету идеясын кешенді түрде алға жылжытып отыр және қоғамдық сана саласында медиацияны жетілдіруге және жаппай қолдануға тікелей қатысады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, саяси ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Наталья Калашникова жастар арасындағы медиацияның бүгіні мен келешегі туралы әңгімелеп берді.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы медиация жағдайы туралы айтып берсеңіз.

— Егер осыдан он жыл бұрын Қазақстанда медиация түсініксіз құбылыс болса, бүгін біз қақтығыстардың, тұлғааралық, сектораралық, еңбек дауларының, соның ішінде жастар арасындағы даулардың алдын алу бойынша елеулі нәтижелер беретін оның нысандары мен әдістерін жетілдіру туралы батыл айта алатын халге жеттік.

Медиацияның қазіргі жай-күйі оның айтарлықтай серпінді дамып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда он бестен астам бағыты әзірленді: зерттеушілер, мамандандыру (медициналық медиация, этномәдени медиация, еңбек құқықтық қатынастарындағы медиация, отбасылық медиация және басқалар) деп атайды.

Ассамблеяның медиациядағы қызметі қандай?

— Бастапқыдан Қазақстан халқы Ассамблеясы медиацияны қолдану үдерісін тек қақтығыстардың алдын алу мен шиеленісті басуда ғана емес, сонымен қатар біздің санамыздың өзгеруіне, қоғамдық дамуымыздың әлеуметтік-гуманитарлық контекстерін жаңғыртуда да қолға алынды. Қазақстанда медиацияны қалыптастыруда ҚХА-ның басты рөлі айқын және өңірлерде медиаторлардың тармақталған желісі бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйлерінде медиация орталығы құрылып, медиаторлардың қатысуымен профилактикалық қызмет пен жанжалдарды шешу шекарасы кеңейтіле отырып, осы маңызды бағытты біріктіреді және үйлестіреді.

— Медиация институтын одан әрі жаңғырту үшін қандай шетелдік тәжірибе пайдаланылады?

— Қазақстандық тәжірибе үшін Болгарияның (Әулие К. Орхидский атындағы София университеті, «Европартнер – 2007» Қоры, жобаның жетекшісі профессор Татьяна Дронзина) және Испанияның (әлеуметтану департаментінің медиация бойынша магистратура үйлестірушісі, Гранад университетінің профессоры Антонио Лозано) тәжірибелері қызықты әрі өте тиімді. Олармен тәжірибе алмасу мақсатында медиаторларды оқытудың бірлескен мектептерін (жазғы мектептер) құру бойынша тығыз байланыстар орнатылды.

— Қазақстан халқы Ассамблеясы медиацияда қандай функция атқарады?

— Жинақталған қазақстандық тәжірибеде қоғамдық медиацияны енгізгенімізге Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері назар аударатындай болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей институты халықтық дипломатия институты болып табылады әрі қоғамдық және этносаралық қатынастар саласындағы басты медиатор. Этномәдени бірлестіктердің басшылары ерікті қоғамдық медиаторлар бола отырып, этносаралық және этнос ішіндегі қарым-қатынастардағы дауларды шешуге ықпал етеді.

— Дауларды сотқа дейін реттеуде ҚХА мен Жоғарғы соттың өзара іс-қимылы қалай өтеді?

— Қазақстанда медиация базалық құжаттар деңгейінде танылады. 2011 жылдан бастап қолданыстағы «Медиация туралы» Заң бірқатар елеулі өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады, ал ҚР Жоғарғы соты 2014 жылдан бастап 2017 жылдың желтоқсанына дейін дауларды сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша «Сот медиациясы» Пилоттық жобасын іске асырды.

ҚХА мен Жоғарғы сот арасында меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде кәсіби медиаторлармен қатар қоғамдық медиаторлар институты енгізіліп, белсенді дамып келеді, соның нәтижесінде алдын алу шаралары жасалды және көптеген даулар шешілді. Мысалы, тек 2016 жылдың өзінде екі мыңнан астам медиация кабинеті ашылып, 8876 түрлі дау шешімін тапты.

— Медиация жанжалды жағдайларды, атап айтқанда, этносаралық жағдайлардың санын барынша азайта ала ма?

— Жаһандану үдерістерінің өсуіне байланысты өзекті күн тәртібі айқын көрінген және жасырын қақтығыстары бар көптеген мемлекеттерге тән этникалық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер мен сын-қатерлер әлемдік тәртіпті және ертеңгі күнге деген сенімділікті қамтамасыз ететін адекватты шараларды талап етеді. Сонымен қатар көпэтносты қоғамда толерантты этникалық қатынастар мен этникалық элиталардың стратегиялық өзара іс-қимыл қауіпсіздігінің дилеммалары әрдайым өмір сүретінін мойындау қажет. Жас ұрпақ осы үдерістерге өте сезімтал болып келеді.

— Жастар ортасындағы медиацияның болашағы қандай?

— Жастар туралы нақты айтқанда мектеп медиациясы қызметінің тиімділігін, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына, соның ішінде магистрлік бағдарламаларға «Медиация негіздері» пәнін енгізуді, дауларды және оның басқа да көздерін реттеуге бағытталған құқық қорғау іс-шараларымен айналысатын бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қызметін атап өткен жөн.

Осы дайындалған аудиторияда жастар медиациясының маңыздылығы мен арнайы келіссөз жүргізушілерді даярлаудың қажеттілігі туралы айтудың қажеті жоқ, олар өздерінің беделі мен білімдерімен санаулы минуттарда біліктілігін ескере отырып, шиеленісті немесе қақтығысты шешуі әбден мүмкін.

— Жастар арасындағы даудың себебі неде?

— Қазіргі жаһандану жағдайында жастардың стереотиптері, құндылықты ұстанымдары өзгеруде, NEET-тің өсуі (білім де, жұмыс та, оқу да жоқ) – бұл жұмыссыз жастардың жоғалған ұрпағы, бүкіл әлем бойынша қатал шындық жас адамдардың дүниетанымын өзгертетінін ескеру қажет. Бұл себептер қақтығыс пен әлеуметтік шиеленіске негіз болатынын ұмытпау керек.

Акценттер ығысады – қоғамды қалай «емдеу» керек, оны кім жасай алады және ең тиімді әдістері қандай? Жастардың қоғамдық санасын қайта жаңғыртып, оларды дамыту, өзгерістер мен жаңалықтар үдерістеріне қатыстыру қажет. Сондықтан Қазақстан Парламенті мен БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының қолдауымен халықты қоныстандыру жөніндегі Азия қауымдастығы Астанада «Жастарды инвестициялау. Ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз» тақырыбында кездесу (19-20 қазан 2018 жыл) өткізді.

Кездесуде кемсітілген жағдайдағы, әлеуметтік жағынан шеттетілген, ерекше қажеттілігі бар және қиын жағдайларда қалған жастарға, адам саудасының құрбандары мен еңбек мигранттарына арналған тақырыптарға ерекше көңіл бөлінді. Әрине олар қақтығыстың әлеуетті ошақтары болып табылады. Осыған байланысты осы санаттағы жастар үшін жанжалдарды шешудің жаңа тетіктері мен ешкімді назардан тыс қалдырмау үшін алдын алу шаралары қажет деп ойлаймын.

— Мұндай механизмдердің мысалын келтіре кетсеңіз.

— Әлемдік тәжірибеде жастар медиациясының жаңа технологияларының мысалдары жеткілікті. Мысалы, Аргентинада ЖОО-да кабинеттер бар, онда жастар арасында медиаторлар жұмыс істейді және қақтығыс туындаған жағдайда оны бірден шешеді. Нидерландыдағы жоғары оқу орындарында, атап айтқанда заң факультеттерінде дауларды альтернативті шешу бойынша курс енгізілген: теория және практика. Францияда әлеуметтік медиация үлгісі әзірленіп, іске қосылған. Бірқатар мемлекеттерде еріктілердің жұмысына негізделген «көрші» медиациясы, құрдастардың медиациясы және жастармен жұмыс жасаудың адекватты нысандарын көрсететін басқа да жұмыстар бар. Даулар саны өзгереді деуге болмайды, бірақ соңында олардың сипаты өзгеретіні анық.

— Қазақстандық медиацияның сипаты қандай?

— Қазақстандық медиация – тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін тірі механизм. Ол үшін гуманитарлық мамандықтар мен пәндердің мемлекеттік стандарттарына енгізілген әлемдік мәдени білім жүйесі, соның ішінде адам болмысының күрделі және маңызды міндеттерін табысты шешуге бағытталған медиаторларды даярлау белгілі бір дәрежеде қалыптасады.

Осыған байланысты медиация үшін оның беделді қоғамдық құрылымдары: қоғамдық келісім кеңестері, ақсақалдар, аналар, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтар, этномәдени бірлестіктер үлкен демеу болады. Бұл жерде дауларды шешудің баламалы тәсілдерін іздестіру өзекті болып табылады, ол тараптар үшін теріс салдарларға әкеп соқпайды, керісінше, оларға сенімді қарым-қатынастарды сақтауға және жастардың қатысуымен табылған келісім нәтижесінде іскерлік ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік береді.

— Қорытындылай келе, қазақстандық медиацияға әлемдік тәжірибе не береді деген сұрақ туындап отыр.

— «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел Президенті әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құруға шақырды. Бұл оқыту медиациясының барлық бағыттары бойынша кейс-практикумдар, адамгершілік шараларды қабылдау үшін мүмкін болатын кернеудің электрондық картасын жасау болып табылады. Осы арқылы жастардың барлық санатын қамтып, адами даму қасиеттерін нығайтамыз.   

Қорыта келе медиация институтын жаңғыртудың әлемдік тәжірибесін жинақтап, оның тиімді және заңды жақтарын алып, қоғамда өмір сүруінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру қажет дегім келеді.

Білім беру бағдарламалары және дамушы азаматтық қоғам контекстінде медиаторлардың құзыретін жақсарту – осы институттың жасырын резервтерінде көрсетілетінін атап өтуге болады. Өйткені олар қоғамдағы жанжалды азайту, сондай-ақ бар қақтығыстар мен дауларды шешуге ерікті түрде қатысуды ынталандыру бойынша «жұмсақ, икемді күш» болуға қабілетті.

Сұхбатыңызға рақмет!

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға