Жаңалықтар

Народный сот

Билердің волостной сиезі басқа түрінен гөрі əділ болған- дықтан, народный соттың 1-нші дəрежелісі солайша болуға тиіс.
27.08.2014 21:52 3264

Народный сот

1-нші дəрежелі народный сот

Билердің волостной сиезі басқа түрінен гөрі əділ болғандықтан, народный соттың 1-нші дəрежелісі солайша болуға тиіс. Соттың бір би емес, бірнеше бидің басының құрылуынан болуының көшпелі қазақтарға онша қиындығы болмас, өйткені бір волоста 4 ауылный елден кем болмайды екен. Əр ауылный елден бір би сайланады. Солай болған соң, бір волост елден қай кезде болса, 3 би табуға болады.

2-нші дəрежелі сот һəм бақылау

Народный соттың кемшілігінің бірі – басқа соттан өзгешелігі, сондықтан істеген ісінің  дұрыс-терісін  бақылауға,  тексеруге болмайтындығы. Көзге көрініп  тұрған  қиянат  биліктері де сотқа берілу жағынан һəм кескен жаза жасының мөлшері жағынан тек жолға сыйымды болса, бұзылмай, орыс хакімдері орнына келтіреді. Народный соттың істеген ісінің дұрыс- терісін бақылайтын орын болса, сотта дұрыстық болуына сеп болар еді. Бұл бақылаушы қай мекеме боларға тиіс?

1912-нші жылғы 15-нші июль законіндегі жолға  түссек, бұл бақылау жұмысы мировой судияларға тапсырыларға тиіс еді. Бірақ олай етуге болмайды, өйткені олай ету үшін Дала облыстарында мировой судиялардың санын көбейту керек болар еді. Ол қазынадан көп расход шығарар еді, əсіресе оның қолайсыздығы жəне басқа жағынан да бар: қазақтар 15-нші июльдің законіне кірген кезде, Дала облысындағы мұжықтар крестьян мекемелерімен жалғасулы ескі соттың жолында қалар еді. Сөйтіп, облыстағы сот ісі аламыштанар еді. Жəне де ескеруге тиіс: Забайқал облысындағы көшпелі бұратана жұрттардың соты 1901-нші жылы 23-нші апрельде 15-нші июль законіндегі жолмен тəртіп етіліп шыққан, онда бақылау жұмысы крестьян мекемесіне тапсырылған. Олай еткеннен еш кемшілік болған жоқ. Қайта соттарының дұрыстығын зорайтып, жұртты риза қылып отыр. 12 жылдан бері əділдік келтіріп, жұртқа өте жағымды сот болып тұр. Забайқал жұрты мен Дала облыстарының көшпелі халқының қалпы ұқсас болғандықтан һəм қазіргі бұл облыстардағы мұжық соттары крестьянский начальник мекемесіне қарағандықтан, Дала облысының народный сотын бақылап, ісін тексеруші орын крестьянский начальник мекемелері боларға тиіс. Ең болмағанда, 15-нші июль законінің қалпына Сібірдің үш бөлімінің бірі түсіп болғанша солай етіп тұру керек.

2-нші дəрежелі сот турасына келгенде, қазақтың народный соты осы күнгі жаман деген қалыбының өзінде де, мұжық сотынан, 2-нші дəрежелі сотынан артық еді. 15-нші июль законі шықпай тұрғанда, мұжық сотына ешбір жанаспайтын уездный сиез мұжықтың 2-нші дəрежелі сотының орнына жүруші еді. Народный сот ондай емес. Мұның 2-нші дəрежелі орны – народный судия өз ішінен шыққан халық жайына қанық судиялардан құрылып, қазаққа жақын сот еді. Бұл мұжық волостной сотында болмаған, жаңа шыққан законда ғана мұжықтың қолы жетіп отырған заң. Осыған қарағанда, қазақтың билерінің сиезін сақтап, бірақ оны түзеп, жөндеу үшін 15-нші июль законі мен 23-нші апрельдің бурят турасындағы  законінде бар жолға түсіру керек. Ол сиездің басы кім болады десек? Жоғарғы айтылған жөнге қарап, бақылаушы крестьянский начальниктердің мекемесі болғанда, сиез басы да сол боларға керек, яғни участковый сиездің председателі участковый крестьянский начальник боларға тиіс. 2-нші дəрежелі сотта хүкімет адамының болуы бұл сотты орыс сотына жақындатпақшы. Аз-аздап қазақ судияларының пікіріне адамшылық, əділшілік кіріп, аз-аздан түбінде жалпы мемлекет сотына аударуға көпір салынар еді.

Əрине, крестьянский начальник қазақ сотының басында болғанда, оған басқа билерден гөрі айрықша хұқ беру керек. Əйтпесе, билік айтар кезде, сиездегі судиялардың көбі қазақтан болған соң, крестьянский начальник бүктемеде қалып қоя бе- рер. Сөйтіп, хакімшілік сұсы кем; олай болмас үшін: билік айтқанда екі жақтың тасы тең болса, председатель қостаған жағы басатын болсын.

3-нші дəрежелі сот

Қазақ сотына қолайлаған жол бойынша, 3-нші дəрежелі сот крестьянский начальниктердің сиезі болмақшы. Жалғыз-ақ, 3- нші дəрежелі сотқа түсудің жолын кеңітіп, əлеуметтік айып туралы жалғыз даугерлерге емес, полицияға да прокурор арқылы қуарлық хұқ берілсе екен.

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға