Нариман Курбанов Олимпиадаға барады
19.04.2024 23:39
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңінде Нариман Курбанов Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ат снарядындағы финалда Нариман 4-сатыға тұрақтап, ал негізгі қарсыласы Ли Чи Кай (Қытайдың Тайпейі) күміс жүлде алды. Осылайша, жалпы Әлем Кубогының рейтингінде қазақстандық гимнаст 3-сатыда қалады.
Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама сапынан жазғы ойындар жолдамасын Милад Карими мен Нариман Курбанов алып үлгерді.
Қазір барлығы Қазақстанда 14 спорт түрінен 42 лицензия бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

