Жаңалықтар

Наполеон тортын пісіріп үйренейік

Қандай торт жақсы көресіз?
Наполеон тортын пісіріп үйренейік
03.03.2018 11:13 15594

Керек өнімдер:

2 жұмыртқа

150 мл су

300 гр май

1\2 уксус 9%

Тұз 1 шым-шым

600 гр ұн

Алдымен суды уксуспен араластырамыз. Келесі кезекте екі жұмыртқаны жақсылап араластырамыз. Жұмыртқаға су, тұз, сары май мен ұнды қосып араластырамыз. Жұмсақ етіп қамыр илеп, 12 бөлшекке бөлеміз. Әрқайсысын  домалатып, илеп, бетін жауып, тоңазтқышқа 1 сағатқа қоямыз. 1 -сағаттан кейін қамырды дөңгелек етіп жаямыз. Домалақ пішінге келтіріп кесіп, артығын алып тастаймыз. Әпрқайсысын қызған пешке 180 гр.пісіреміз. әрбір бөлшек 5 минутта піседі.

Арасына жағатын крем үшін:

Қант үлпектері (сах.пудра) – 100-150 гр

Сары май – 150-200 гр

Кілегейлі сыр – 250 гр (қай түрін алсаңыз да, қалауыңыз білсін).

Кремді әзірлеу үшін алдымен сары май бөлме температурасында өте жұмсақ болып, еріп тұруын қадағалаңыз. Майға қант үлпегін қосып, блэндермен жақсылап араластырамыз. (4-5 минут). Осы дайын массаға кілегейлі сырды қосып, тағы араластырамыз. 2-3 минуттан кейін креміңіз дайын.

Торттың піскен қамырын біркелкі етіп кескеннен кейін, араларына крем жағып, бетіне ұнтақталған піскен қамырдың үгінділерін себеміз. Тортыңыз дайын. Енді кремі сіңу үшін кемін 3-4 сағатқұа тоңазықышқа қалдырыңыз.

Ас болсын!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға