Жаңалықтар

Нан бағасы қымбаттамайды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы айтты
Нан бағасы қымбаттамайды
Фото: pixabay.com 26.07.2022 12:46 1942

Елімізде нанның бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы айтты, – деп хабарлайды El.kz.

– Елімізде жоғары сұрыптағы ұнның бағасы қымбаттауына байланысты нанның бағасы 140 теңгеге дейін қымбаттады. Қазіргі таңда бағаны тұрақты қалыпқа келтіру үшін өңірлермен келісімшартқа отырып, зауыттарға арзан бағадағы ұнды жеткізіп жатырмыз. Осылайша, әлеуметтік нанның құны 90 теңге болып сақталды, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Бірінші сұрыптағы ұнның бағасы қымбат болғандықтан нанның бағасы да орташа есеппен 220 теңгеге дейін жеткенін атап өтті.

– Басқа өңірлерде нанның қымбаттауы байқалмайды. Қазіргі таңда әлеуметтік нанның бағасын бақылап, қадағалап отырмыз. Алдағы уақытта да нан қымбаттайды деген жоспар жоқ, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға