"Нағыз достық пен бауырластық": Ильхам Әлиев Қазақстанға ерекше жылы лебіз білдірді
Әзербайжан Президенті Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қолдау көрсеткен қазақстандықтардың әрекетіне шынайы баға берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең алдымен, мен Президент Тоқаевқа қоңырау шалып, өз алғысымды жеткіздім. Біз ұшақ апатынан кейін бірден қазақстандық құтқарушылардың оқиға орнына жылдам жетіп, адамдарды құтқару жұмыстарын бастағанын білеміз, - Ильхам Әлиев.
Әзербайжан басшысының айтуынша, қазақстандық құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тіккен.
Олар тағы бір жарылыс болуы мүмкін екенін білмеді. Ұшақтың бір бөлігі жанып жатқан еді, ал от ұшақтың басқа бөлігіне таралуы ықтимал еді. Олар нағыз ерлік көрсетті. Сондай-ақ, дәрігерлердің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Сол себепті Президент Тоқаевқа өз алғысымды білдірдім. Қазақстандық бауырларымыздың жанашырлығы мен қолдауы әзербайжан халқының жүрегінде терең із қалдырды, - деді олү
Әлиев қазақстандықтардың Әзербайжан консульдығына барып, гүл шоқтарын қойып, қолдау білдіргенін еске салды.
Бұл – шынайы достық пен бауырластықтың көрінісі. Сонымен қатар, мен Президент Тоқаевқа апат салдарынан алты қазақстандықтың қайтыс болуына байланысты көңіл айттым. Ол да маған көңіл айтты. Осы қайғылы оқиғаға қарамастан, бұл жағдай кімнің қандай әрекет ететінін көрсететін үлкен сынақ болды. Мен Қазақстанда да осылай ойлайтынына сенімдімін. Осы ауыр сынақтан кейін біздің достық пен бауырластық одан әрі нығая түсті, - деді Әзербайжан басшысы.