Olympic.kz

Надежда Рябец әлем чемпионатының алғашқы айналымында есе жіберді

07.09.2025 07:31

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған болатын. Надежда Рябец бұл кезеңде қытайлық Лина Уангпен жұдырықтасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қытай елінің өкілі төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Элина Базарова (54 келіге дейін) әлем чемпионатын аяқтаған болатын. Бұған дейін ерлер арасында Сабырхан Төрехан (70 кг) мен Виктория Графееваға (60 кг) алғашқы кездесуінде жеңіске жетіп, әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.