Жаңалықтар

Надежда Морозова конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Надежда Морозова конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Фото: olympic.kz 17.11.2024 16:44 504

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Надежда Морозова Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы 1000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Морозова бұл қашықтықты 01:17.16 уақыт көрсеткішімен бағындырып, күміс жүлдені жеңіп алды.

Бірінші орынды америкалық Бриттани Боуи (01:15.65) иеленсе, үшінші орын АҚШ спортшысы Кими Гетцке (01:17.23) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер командасы топтық кезеңде үшінші орын алған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға