Жаңалықтар

Нақты демократиялық өзгерістерге деген бетбұрысты көрсетіп отыр – сарапшы

Мемлекеттік жүйені сапалы қайта бастау тұрғысынан қажет.
Нақты демократиялық өзгерістерге деген бетбұрысты көрсетіп отыр – сарапшы
Фото: kisi.kz 22.09.2022 14:58 1826

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев Президенттік кезектен тыс сайлауға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz

Сарапшы  Қазақстандағы реформалар шынымен де ауқымды, әрі жүйелі мәнерде жүзеге асырылып отыр. Ол тек «күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» моделін ғана емес, сонымен қатар адам құқықтарының тетіктерін айтарлықтай күшейтуді, елдің қоғамдық өмірін либерализациялауға нақты қадамдарды жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді көздейді деп отыр.

«Мәселен, биліктегі тежемелік тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті әкімдерді тікелей сайлау енгізілді, аралас сайлау жүйесі енгізілді (депутаттардың 70 пайызы партиялық тізім бойынша, қалған 30%-ы – мажоритарлық жүйе бойынша), бейбіт жиналыстар туралы заңға мемлекеттік органдардың келісімін қажет етпейтін түзетулер енгізілді», - дейді.


Айтуынша, бұл елдің саяси имиджін елеулі түрде өзгертіп, Қазақстанның болашақта экономикасының одан әрі дамуына, әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты демократиялық өзгерістерге деген бетбұрысты көрсетеді. Сондай-ақ, қолға алынған шараларды тәжірибеде іске асырып, жемісін көру үшін бүкіл саяси жүйенің қайта жіктеу қажеттілігі туындап отыр деп санайды.
«Президенттік сайлау өтетіні күні бұрын хабарланды деп айтуға болады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында кезектен тыс президенттік сайлауды 1 қыркүйекте өткізу туралы мәлімдеп, бір айға жуық уақыттан кейін ғана жарлыққа қол қойылып отыр. «Үміткерлердің уақыты жетпей қалды» дегендермен келіспеймін. Себебі, президенттікке кандидат болуды кезекті немесе кезектен тыс сайлау жарияланған күні емес, бірнеше жыл бұрын, мұқият ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыстар арқасындағы беделдің негізінде жасалатын шешім», - деді.

Сонымен қатар, сарапшы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында парламенттік сайлаудың жариялануы барлық жауапты саяси күштердің (партиялар мен болашақ бір мандатты кандидаттар) жаңа партияларды тіркеуге де, алдағы парламенттік сайлау науқандарына дайындалуға да жеткілікті уақыт екенін айтты.

«Сайлауды өткізу, ең алдымен, маусымдағы референдум қорытындысы бойынша енгізілген барлық конституциялық өзгерістерді іс жүзінде сезіну үшін қажет мемлекеттік жүйені сапалы қайта бастау тұрғысынан қажет», - деп тілге тиек етті ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға