Концерт алдында Елбасы «Тарихи таңдау» көрмесін аралап көрді. Экспозициялар Елбасы кітапханасының музей коллекциясындағы мұрағаттық материалдар мен бірегей заттардан құралған.

Көрмеге Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке кітапханасынан 145 кітап, сондай-ақ, 220 экспонат қойылды.

Көрмеден соң Елбасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі және отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен концертті тамашалады.


