Жаңалықтар

Нұралы Айдашев: Жаңа идеялар мен жоспарлармен келген жастарға Достық үйінің есігі әрқашан ашық

Нұралы Айдашев: Жаңа идеялар мен жоспарлармен келген жастарға Достық үйінің есігі әрқашан ашық
28.11.2019 10:05 2338

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Түлектердің карьералық сессиясы» атты онкүндік шаралары аясында Тарих факультетінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Бейбітшілік пен келісімнің Қазақстандық үлгісі» атты тақырыпта көлемді шара болып өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шараның басты мақсаты тарих факультетінің түлектерін бәсекеге қабілетті маман етіп шығару, әрі олардың қазіргі толерантты қоғамда өз орындарын табуы үшін жұмыс беруші мекемелермен тікелей араласу бағытында өрбіді.

Нұралы Айдашев: Жаңа идеялар мен жоспарлармен келген жастарға Достық үйінің есігі әрқашан ашық

Шараның ашылуында Достық үйінің орталық залында барлық түлектер мен оқытушы профессорларға халқымыздың қонақжай дәстүрімен тай қазаннан ыстық бауырсақтар үлестірілді. Сонымен қатар сол залдағы қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен тұтастығы, тарихы жөнінде баяндалды. Сонымен бірге осы Достық үйіндегі 23 этностың жеке мәдениетіне арналған кабинеттерде ұлттардың тұрмысымен, өзіндік ерекшеліктерімен танысты.

Шараның екінші кезеңінде барлық түлектер мен оқытушылар және сол мәдени орталық өкілдерінің қатысуымен пікірталас диалог бағытында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оның барысында тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Тілеген Садықұлы сөз алып, жастарды тек аудиторияда ғана емес, жалпы осындай шаралармен тәрбиелеу маңызды екендігін және түлектердің жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.

Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ұлан Үмітқалиев өз кезегінде мемлекеттік маңызды мерекелер қарсаңында өтіп жатқан шараның маңызы мен мәнін және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде «Бейбітшілік пен келісімнің Қазақстандық үлгісі» басты орында екендігін айтты.

Қорытынды сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұралы Айдашев «Достық үйінің есігі жастар үшін әрқашан ашық екенін, жаңа идеялар мен жоспарлармен келген жастарға қолдау көрсететінін әрі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих фаультетімен тығыз жұмыс жасау үшін өз ұсыныстарын жасады».

Нұралы Айдашев: Жаңа идеялар мен жоспарлармен келген жастарға Достық үйінің есігі әрқашан ашық

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға