Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жалпы құны 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын жоба талқыланды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады
Нұр-Сұлтанда жалпы құны 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын жоба талқыланды
Фото: gov.kz 20.07.2022 21:29 1581

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Ayana Holding» компаниясының басқарма төрағасы Абдулла бен Лахеджды қабылдады, – деп хабарлады El.kz.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады. 

Сұхбат барысында тараптар елордада «The Grand Mosque Residences» көпфункционалды тұрғын және сауда кешенінің құрылысы жобасын іске асыру перспективаларын талқылады.

М. Тілеуберді Үкімет жобаны іске асыру және сүйемелдеуге қажетті қолғабыс көрсетуге дайын екенін айтты, – делінген хабарламада. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне өту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Айта кетейік, 1-ші кезеңнің жалпы құны 576 млн АҚШ доллары, ал жобаның жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға