Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандар екі есе өсті

Aуырғандар арасында үлкен үлес вакцинацияланбаған азаматтарға тиесілі
Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандар екі есе өсті
Фото: ашық дереккөз 05.07.2022 19:00 1224

Маусым айының үшінші онкүндігінен бастап елордада коронавирустық инфекция жағдайларының өсімі байқалады, деп хабарлайды El.kz қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Науқастардың көбеюінің негізгі себептері - тұрғындар арасында бұрын айналымда болған «Омикрон» штаммының жандануы және вирустың таралуы үшін оңтайлы жағдайдың болуы, атап айтқанда, халықтың иммундық қабатының төмендеуі әсерінен, жазғы демалыстың басталуына байланысты туристік ағынның ұлғаюы.

«Егер аурудың күрт төмендеуі кезеңінде (наурыз – маусымның алғашқы 20 күні) оқшауланған жағдайлар тіркелген болса, қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың саны 55-ке жетті және аурудың тәуліктік көрсеткіші 5-7 есе артты (ең жоғары тәуліктік тіркеу 30 маусымда орын алды). Тиісінше, маусым айында сырқаттанушылық деңгейі өткен айдың көрсеткішінен 3,3 есе асып түсті», - деп жазды ведомство.

Мекеменің мәліметінше, биылғы маусым айында 269 науқастан вакцинацияны талдау кезінде 169-ында немесе 69%-да COVID-19-ға қарсы иммунитеттің жоқтығы анықталды, яғни бұл адамдар вакцинация алмаған. Екпе қабылдаған 88 адамның 85-інде немесе 96%-ында 2 дозаны қабылдағаннан бері 6 айдан астам уақыт өтті және науқастардың тек 4,4%-ы, яғни 12 адам ғана ревакцинация қабылдаған.

Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті астаналықтарды қолды үнемі тазалау, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағу сияқты эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауға және вакцинацияның, ревакцинацияның толық курсынан өтуге және бустерлік дозаны алуға шақырады.

«Сырқаттанғандар бойынша статистикаға назар аударсақ, ауырғандар арасында үлкен үлес вакцинацияланбаған азаматтарға тиесілі. Тек жұмыла және жауапты азаматтық ұстаныммен біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыра аламыз, осылайша инфекцияның қоғам арасында одан әрі таралуына жол бермейміз», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға