Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан 11 адам реанимацияда жатыр

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан 11 адам реанимацияда жатыр
Фото: inform.kz 16.07.2022 16:13 1279

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққан 11 адам реанимацияда жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, – деп хабарлайды El.kz порталы әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Т.Мұратовтың мәліметінше, биылғы 22 маусымнан бері коронавирус инфекциясының таралуы өршіді.

– 145 адам инфекциялық стационарларда жатыр. Төсек орындарының жүктелуі 36,8% құрайды. Реанимация бөлімшесінде 11 пациент ем алуда, оның ішінде ИВЛ аппаратында – 0, жүктемелігі - 21,5%. Соңғы үш аптада орташа есеппен тәулігіне 100 жағдай тіркеліп, 12 адам ауруханаға жатқызылады, –деді ол.

Басқарманың басшысы барлық санитарлық нормаларды сақтауға, вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырды.

Қазіргі уақытта елордада 7 инфекциялық стационар жұмыс істейді, олардағы төсек-орын қоры – 394, оның ішінде КВИ емдеуге арналған 51 реанимациялық төсек-орын жабдығы бар.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде коронавирусқа қатысты ахуал күрделене түскенін айтты.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, вирус көп таралып жатқан Алматы мен Шымкент қалалары қатарында Нұр-Сұлтан да бар. Өткен бір тәулікте коронавирус 1470 адамнан анықталса, ең көп науқас Алматы (494) және Нұр-Сұлтанда (423) тіркелді. Дегенмен, елорда өзге барлық өңірмен бірге эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «жасыл» аймақта орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға