Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 4 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өсті

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады
Нұр-Сұлтанда 4 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өсті
Фото: azh.kz 20.07.2022 19:42 1579

Нұр-Сұлтанда 4 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өсті,– деп хабаралайды El.kz. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Қызметкерлердің еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуды ары қарай жалғастырамыз. 1 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдениет (кітапханалар, мұражайлар), спорт, жергілікті полиция қызметі және тағы да басқа мамандарының жалақысы көтерілді. Осылайша елорда мекемелерінде жұмыс істейтін 4 мыңға жуық маман қамтылды.

Мәселен әлеуметтік мекемелер, медициналық-оңалту орталықтары, кітапхана және тағы да басқа орындарда жұмыс істейтін, жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы 30%-дан 50%-ға дейін көбейді. Осыған байланысты бірнеше мысал келтіріп өтейін:

  • «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы және «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік қызметкерлерінің жалақысы 1,5 есе өсті;
  •  Кітапханашылардың жалақысы 30%-дан аса («Орталық кітапхана жүйесі» КММ), суретшілердің жалақысы 50%-ға өсті;
  • Жергілікті полиция қызметінің жалақысы 30%-ға дейін көтерілді, азаматтық қызметкерлер (С, D санаттары және разрядтаушылар) 1,8 есе өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осыған дейін медицина қызметкерлерінің, педагогтардың, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілген болатын. Осы бағыттағы жұмысты ары қарай да жалғастырамыз, – деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға