Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 1 700-ге жуық ақылы көлік тұрағы жойылды

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады
Нұр-Сұлтанда 1 700-ге жуық ақылы көлік тұрағы жойылды
Фото: obk.kz 02.08.2022 20:42 1089

Елордада 1 680 ақылы тұрақ орны демонтаждалды, яғни әлеуметтік және басқа объектілердің жанында орналасқан 55 жер учаскесінен алынып тасталды,– деп хабарлайды El.kz порталы Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Сарыарқа ауданында 860, Алматы ауданында 325, Байқоңыр ауданында 107, Есіл ауданында 388 ақылы тұрақ орны алынды.

– Айта кету керек, ақылы тұрақ орындары орналасқан учаскелер қала меншігінде. Жоба – қаланың көлік стратегиясының бір бөлігі, тұрақ орындарының тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді, автомобиль трафигін реттейді, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді. Жобаның басты мақсаты – көшелердің өткізу қабілетін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, – делінген хабарламада.

Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС-нен атап өткендей, әлемдік тәжірибе тұрақ орындарын басқарудың тиімді жүйелері тұрақ кеңістіктерінің жүктемесін 40-50%-ға төмендететінін, жол желісіне жүктемені 20-30%-ға азайтатынын және ең бастысы, қаланың проблемалық аудандарында жол қозғалысы ережелерін бұзу санын 70%-ға дейін қысқартатынын дәлелдеді.

Ақылы автотұрақтар ашылғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласының орталық аудандарының жүктемесі 150-175% болды. Жұмыс күндеріндегі реттелмейтін тұрақтардың айналымы тек 1-2 автомобиль, яғни автокөлік әуесқойлары тегін тұрақ орындарын теріс пайдаланғанын, көліктерін ұзақ уақыт, кейде бір күн немесе тіпті бірнеше күн қалдырғанын, осылайша басқа қатысушылар үшін қозғалысты қиындатқанын көрсетеді. Бүгінде жағдай 3-4 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы.

Бұл ретте тұрақ орындарының 10%-ы мүгедектердің және оларды тасымалдайтын адамдардың көлік құралдарын тегін орналастыруға арналған, жеңілдікті санаттарға сәйкес келмейтін қалған барлық азаматтар үшін ақылы аймақтарда тұрақ күн сайын сағат 20:00-ден кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері тегін, – делінген әкімдік ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға