Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтіп жатыр

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Нұр-Сұлтанда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтіп жатыр
Фото: polisia.kz 23.07.2022 16:27 2015

«Қауiпсiз жол» республикалық жедел алдын-алу iс-шарасының аясында Нұр-Сұлтанда 22-23 шілдеде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтiп жатыр, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Акция халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру мақсатында өткізілуде. Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау және т.б. мәселелері бойынша консультациялық және құқықтық көмек сұрай алады. 

Акция келесі орындарда өтеді: «Мега Силквей» СОО (Қабанбай батыр көшесі, 62); «Мамандандырылған ХҚКО», (20-40 көшесі 2 үй); «Аружан» СОО (Жансүгіров көшесі, 8); Нұр-Сұлтан қ. ПД ӘПБ Call-орталығы, (Жетіген көшесі , 16). Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу жоспарланған, онда азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға онлайн жауап ала алады. 

Аталмыш акция барысында қала тұрғыны азаматтық қаруды алу тәртібімен танысқысы келетінін айтқан. Полиция қызметкерлері қарудың қандай түрлерін алуға болатындығын және рұқсат беру, сақтау тәртіптерімен таныстырды. Толыққанды жауап үшін елордалық полиция қызметіне алғыс білдірді.\

 Қала тұрғындары мен қонақтары Сall-орталығына мына телефондар бойынша хабарласа алады: 71-69-77, 67-75-75, 53-27-74 және Whatsapp мессенджері арқылы 8 708 382 13 76.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға