Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қылмыстың 41% ұрлық жасаумен байланысты

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Есіл ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің басшысы мәлімдеді
Нұр-Сұлтанда қылмыстың 41% ұрлық жасаумен байланысты
Фото: egemen.kz 30.06.2022 13:33 1359

Нұр-Сұлтан қаласында ұрлықтың алдын алу мақсатында мүлікті қорғаудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы іске асып жатыр, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Биыл елордада болған жалпы қылмыстың 41 пайызы ұрлық жасау. Ұрлықты азайтып, азаматтардың жеке мүлкін сақтау, қорғау мақсатында қала әкімдігі мен полиция департаменті бірлесіп жеке мүлікті қорғаудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарлама 6 тарау, 47 тармақтан тұрады, – деді Самғат Тынышбаев.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі мен басты міндеті – азаматтардың мүлкін қорғау. Бұған дейін бағдарлама «Мүлік ұрлығына қарсы күрес» деп аталған.

– Ендігі уақытта біздің департамент ұрлықтың алдын алу мақсатында профилактика шарасына аса мән беріп отыр. Яғни мүлік ұрлығының болғанын күтіп отырмай, оның алдын алу, ескерту маңызды, – деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Есіл ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры, Самғат Тынышев БАҚ-қа арналған брифингте.

Оның айтуынша, мүлікті қорғаудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарлама аясында жергілікті органдармен бірлесіп жұмыс істеу қарастырылған.

–  Бағдарламада ұрлықтың алдын алудан бөлек, болған ұрлықтың мән-жайын ашып, кінәліні табуға қатысты шаралар қаралған. Аталған бағдарламаны іске асыру аясында қала аумағында 27 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның ішінде жедел басқару орталығына қарасты 1585 бейнебақылау камера бар. Сонымен қатар 13 мың «Сергек» камерасы жұмыс істеп тұр. Бейнебақылау камерларының көптеп қойылуы ұрлықтың алдын алу мен фактіні ашуда таптырмас көмек құралы, – дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға