Жаңалықтар

Елордада жол апатының деңгейі жоғары

Негізгі себеп - тіркелген көліктің жыл сайын көбеюі және жол қозғалысына қатысушылардың жеке тәртіпсіздігі
Елордада жол апатының деңгейі жоғары
Фото: pixabay.com 05.08.2022 13:21 932

Нұр-Сұлтан қаласындағы Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Бауыржан Тоқжұмановтың айтуынша, жыл басынан бері тіркелген жол апаттарының 96 пайызы жеңіл көліктермен болған, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Елордада жол апатының деңгейі жоғары. Негізгі себеп - тіркелген көліктің жыл сайын көбеюі және жол қозғалысына қатысушылардың жеке тәртіпсіздігі. Тіркелген жол-көлік оқиғаларының 274-і жеңіл көліктермен, 11-і жүк көліктерімен болған», – деді бөлім бастығы.

Сондай-ақ ол жол-көлік оқиғаларының себептерін атады.

«Жүргізушілер маневр жасау ережелерін бұзу (50), қарсы жолаққа шығу (25), қашықтық пен аралықты сақтамау (48), жаяу жүргіншіге жол бермеу (45) сияқты ағаттықтарға барып, көлік апатына себепкер болған.Жыл басынан бері жүргізушілер 168 рет жаяу жүргіншіні көлікпен қаққан. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 172 адам жарақат алды»,– деді Бауыржан Тоқжұманов.

Бұған дейін «Сергек» жобасына бөлінген қаражат 2023 жылдың соңында бітетіні туралы мәлім етілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға