Жаңалықтар

Елордада жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды
Елордада жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді
Фото: Елорда әкімдігінің ресми парақшасы 10.09.2022 20:10 1061

Астананың жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді. Соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықпен толық жабдықталды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz.

«Медициналық орталықтар мен жедел медициналық жәрдем станциясын жүйелі түрде жабдықтау жұмысы жүріп жатыр. Жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркіне тағы 55 автокөлік қосылды. Олардың басым бөлігі – реанимобильдер.

Елордада жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді

Осыған дейін 100-ден аса автокөлік тапсырылған. Осылайша, автопарк айтарлықтай модернизацияланып, машиналар саны артты. Арнайы автокөліктер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған: өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор-мониторлар, электрлі сорғыштар, жедел медициналық көмек көрсету үшін реанимациялық құрылғылары бар жиынтықтар (электрокардиограф) және т.б.

Мемлекет басшысы медицина саласын дамытуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсартуға, жедел медициналық көмек қызметін жаңғыртуға ерекше көңіл бөледі.

Соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықпен толық жабдықталды, 40 «үй жанындағы дәрігер» нысаны (олардың 7-еуі елді мекендерде орналасқан) ашылды, бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жүргізілді, 4 медициналық мекеменің құрылысы бойынша тиісті жобалар іске асып жатыр.

Елордада жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді

Сол сияқты «Жағалау-3» және «Нұрлы жол» вокзалы аумағында амбулаторлы-емханалық кешен, Көктал-1, Пригородный, Тельман және т.б. елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарының құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жалақысы жүйелі деңгейде өседі, жоғары білім алуға жыл сайын гранттар бөлеміз», - деп жазды қала әкім

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға