Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді
12.09.2022 09:28
Фото:
Polisia.kz
Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады. Олардың ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.
Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған.
Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

