Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда дератизациялық іс-шараларға дайындық жұмысы басталды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді
Нұр-Сұлтанда дератизациялық іс-шараларға дайындық жұмысы басталды
Фото: gov.kz 06.09.2022 15:09 1371

Елордада 2022 жылдың 5 қыркүйегінде қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мердігер ұйыммен бірлесіп, дератизациялау іс-шараларының күзгі турын бастады, деп хабарлайды El.kz порталы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шаралар ашық аумақтар мен жеке секторды қамтиды. 2022 жылғы 5-25 қыркүйек аралығында жайылмалар мен өзен арналары, скверлер, су айдындары мен саябақтар сияқты ашық аумақтарды өңдеу жүргізілетін болады.

«26 қыркүйектен бастап 25 мыңнан астам үйді қамтитын жеке сектор өңделіп, оларға улы заттар таратылады. Улы препараттар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген препараттарды қамтитын болады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының жетекші маманы Мадьяр Нарымбиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға