Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан автобустарында QR-код арқылы жолақы төлеу қызметі өшірілмейді

Бұл туралы CTS баспасөз қызметі мәлімдеді
 Нұр-Сұлтан автобустарында QR-код арқылы жолақы төлеу қызметі өшірілмейді
Фото: 24.kz 09.09.2022 11:49 1401

City Transportation Systems көлік компаниясы бұдан былай автобуста QR-код арқылы жолақы алынбайтыны жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz.

«Құрметті жолаушылар! Мессенджерлерде елорда автобустарында QR-код сканерлеу арқылы жолақы төлеу қызметі өшірілетіні туралы ақпарат тарады. CTS баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді» делінген компания хабарламасында.

Астана автобустарында QR-кодты сканерлеу арқылы жолақы төлеу штаттық режимде жұмыс істейді және оны өшіру қарастырылып жатқан жоқ.

«Сізден тек ресми деректерге сенім артуды және жалған ақпарат таратпауды сұраймыз» деп ескертеді көлік компаниясы.

Естеріңізге сала кетейік, елордада жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасы көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға