gov.kz

Нұр-Сұлтанда «Арқар» көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

15.08.2022 13:11

«Арқар» көпірінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы 15 тамызда басталады. Осыған байланысты көліктерге арналған жол жабық болады,– деп хабарлайды El.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік Ел даңғылы – Сарайшық көшесі мен Р.Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы көлік айрығы учаскесіндегі «Арқар» (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы басталғанын хабарлады.

«Осыған байланысты, 15-24 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі «Арқар» көпірін (М1) және 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Арқар» көпірін (М1) жабу жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Ведомствода елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп толықтырды басқармада.