Жаңалықтар

Н. Калашникова: Этноволонтерлік – қазақстандықтарға ғана тән, жаңадан пайда болған ұғым

Н. Калашникова: Этноволонтерлік – қазақстандықтарға ғана тән, жаңадан пайда болған ұғым
08.08.2019 15:43 3772

Қазақстан халқы Ассамблеясы өткен жылы «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының тұсауын кесіп, халықтың назарына ұсынған болатын. Ғылыми сарапшылардың тарапынан қолдау тапқан жоба қазіргі уақытта жетілдірілуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану – ел бірлігінің негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, саяси ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Наталья Калашникова аталған жобаның аясында маңызды ұсынысын көпшілікке жеткізді. Ол – этноволонтерлік.

Наталья Павловна, әңгімемізді «Қазақтану» жобасынан бастасақ. Жоба аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардан хабардар ете отырсаңыз.

— Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы жаңа мазмұнмен толықтырылып жатыр.

Соңғы бір жылда экспедицияның бірегей материалдары жинақталды. Жастар үшін оқыту жобалары жүзеге асып, «Қазақтану» достық пен бейбітшілік формуласын қалыптастырудың негізгі құралына айналды әрі қайырымдылық пен төзімділікті нығайтты. Бұл қазақстандық этностардың мәдениетін, қазақ халқының гуманистік дәстүрлері мен рухани құндылықтарын өзара байыту негізінде ұлттық сананы одан әрі жаңғырту үшін белгілі бір серпін береді.

Дегенмен жоба аясында жаңа зерттеулер талап етіледі. Олардың нәтижелері «Қазақтану» сияқты қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің іргелі құрамдас бөлігі ретінде берік болатыны анық. Күн тәртібінде тұрған мәселелерді ескеретін болсақ, жоба мазмұнын саналы жаңғырту керек.

СҰХБАТТЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН МЫНА ЖЕРДЕН ОҚИ АЛАСЫЗДАР...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға