Жаңалықтар

Н. Назарбаев «Жер туралы кодекстің» бірқатар нормаларына мораторий жариялады

Ақорда
05.05.2016 13:00 5496

 Н. Назарбаев «Жер туралы кодекстің» бірқатар нормаларына мораторий жариялады

«Халыққа ұнамайтын заң керек жоқ бізге. Бірақ та, түсіндіру керек, оны алып тастағаннан кейін ауыл шаруашылығына қандай мүшкілдік болатынын. Оны, әрине, диқандар ғана біледі егін егіп, мал жайып отырған, асфальтта жүріп айғайлағандар емес.Бірінші Үкімет жанынан вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін комиссия құруды тапсырамын. Ол комиссия мемлекеттік органдар, қоғамдық органдармен мына шаруаны талқылап, нақы түсіндіріп, Жер кодексіндегі даулы мәселелерге қатысты ұстанымдарды айқындап, Парламентке ұсыныстар беріп, Парламентпен бірге қайта қараймыз.

«Түсінбей жүрген адамдарды шақыру керек, барлығын. Бұл жұмысты Нұр Отан партиясымен бірге, оның жанында демократиялық күштердің біріккен коалициясы бар, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. оған барлық партиялар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары тартылуы керек. Оны жасыратын ештеңесі жоқ, барлығы да елге белгілі экономика», - дейді Н.Назарбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға