Бұрын «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасында ойнаған әйгілі вингер Луиш Нани «Ақтөбемен» келісімге келуі мүмкін екені айтылған болатын.Бұған қатысты ресми дерек шынға айналды. Португалиялық футболшының Қазақстан чемпионатында ойнауға келісім берді.
Луиш Карлуш Алмейда да Кунья 1986 жылы Кабо-Вердеде дүниеге келген. Балалық шағында Португалияға қоныс аударып, «Спортинг» академиясында тәрбиеленді. 2005 жылы негізгі құрамда дебют жасап, Лига чемпионатында алғашқы қадамдарын жасады. Жарқын ойыны оны Еуропаның алпауыт клубтарының назарына іліктірді.
2007 жылы Нани 25,5 млн еуроға «Манчестер Юнайтедке» ауысып, мансабының ең биік кезеңін осы клубта өткізді. Ол «қызыл сойқандар» сапында 260 матч өткізіп, 50 гол соқты. Төрт рет АПЛ чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын, Англия кубогын, Лига кубогын және клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.
Кейінгі жылдары Нани «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио» клубтарында ойнап, АҚШ пен Аустралия чемпионаттарын да көрді. Түркияда ол қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетовпен бір командада өнер көрсетті. 2024 жылдың желтоқсанында, 38 жасында, кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады.
Ұлттық құрамада Нани 112 матч өткізіп, 24 гол соқты. Ең басты жетістігі – 2016 жылғы Еуропа чемпионатының алтыны.
Енді футбол жанкүйерлерін бір сұрақ мазалаған еді. Аты аңызға айналған футболшы шынымен «Ақтөбе» сапында өнер көрсететініКПЛ тарихындағы ең жарқын трансферлердің бірі болып отыр.
Ресейлік спорттық сарапшы әрі журналист Микеле Антонов «Ақтөбенің» жұлдызды ардагерлерге қызығушылығын арзан хайп емес, клубтың танымалдылығын арттыруға бағытталған саналы қадам деп бағалады. Оның айтуынша, бұл шешім «Ақтөбені» тек Қазақстанда ғана емес, Еуропада және әлемде танытуға мүмкіндік береді. Сарапшы медиялық тұрғыдан мұндай стратегияны дұрыс деп атап, клуб туралы әңгіме көбейетінін алға тартты.
Сондай-ақ Антонов «Ақтөбенің» әрекетін алматылық «Қайраттың» медиялық белсенділігімен салыстырды. Ол «Қайраттың» Чемпиондар лигасында «Реалмен» ойнағаннан кейін Ресейде кеңінен талқыланғанын еске салды. Сарапшының пікірінше, «Ақтөбе» де осы жолды таңдағандай. Бұл тек ақпараттық әсер ғана емес, алаңда тәжірибелі футболшылардың пайдасын көруді көздейтін қадам. Осы тұрғыда ол Миралем Пьяничтің ЦСКА-ға ауысуын мысалға келтіріп, дәл осындай сценарий «Ақтөбеде» де жүзеге асуы мүмкін екенін атап өтті.

