Мысырлық спортшы тістерімен 700 тонналық кемені орнынан қозғады
29.09.2025 09:25
Фото:
Amr Nabil / AP Photo
Ашраф Махрус есімді мысырда спортшы тістерімен 700 тонналық кемені орнынан қозғады. Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
44 жастағы спортшы Қызыл теңіздің жағасындағы Хургада қаласында арқанның көмегімен кемені су бетінде сүйреп шығарды.
Махрус алдымен бір кемені сүйреп көрсе, артынша өз жетістігін дәлелдеу үшін жалпы салмағы шамамен 1150 тонна болатын екі кемені қатар тартты.
Айта кетсек, мысырлық спортшы осы оқиғаның бейнежазбасы мен фотосуреттерін Гиннестің рекордтар кітабына жіберуді жоспарлап отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

