Laf.md

Мысырлық спортшы 700 тонналық кемені тісімен сүйреді

Мысырдан шыққан ауыр атлет әрі пауэрлифтингтен әлем чемпионы Ашраф Мохамед жаңа әлемдік рекорд орнатып, Гиннесс рекордтар кітабына енді. Ол жалпы салмағы 700 тонна болатын кемені тісімен қозғап, ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Рекорд Египеттің Хургада қаласындағы жағажайда тіркелген. Ашраф Мохамед бұл орынды кездейсоқ таңдамаған: ол өз жетістігі арқылы Қызыл теңіз жағалауындағы әйгілі курортқа туристердің назарын арттыруды мақсат еткен.

Жаңа рекорд иесі бұған дейінгі көрсеткішті жаңартты. Бұрынғы рекорд украиналық спортшы Олег Скавышқа тиесілі болған. Ол тісімен 600 тоннадан астам салмақтағы кемені су бетінде 16 метрге дейін сүйреп барған еді.