©Pixabay.com

Мысырдың танымал жағажайларында акула пайда болды

Мысырда акулалардың жағалауға жақындауына байланысты бірнеше күн бойы курорттық жағажайлар жабылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

SHOT арнасының мәліметінше, жыртқыштар Хургада мен Макади курорттық қаласының жағалауынан байқалған. Соңғы күндері бұл аймақтағы 10-ға жуық қонақүйдің жағажайлары уақытша жабылған. Олардың қатарында бес жұлдызды Labranda Royal Makadi, Cleopatra Luxury Beach және Stella Makadi бар.

Мысырға баруды жоспарлап жүрген туристерге де акулаларға қатысты ескерту жасалды.

Жергілікті басылымдар өткен аптада Хургада жағажайлары үш күнге жабылғанымен, қазір суға түсуге рұқсат берілгенін алға тартуда.

Айта кетейік, акулалардың адамдарға шабуылы тіркелген жоқ.