Мысырдың Хургада туристік қаласының маңында туристер мінген моторлы қайық суға кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Катерде 26 турист болған, олардың арасында шетелдіктер де бар.
Cairo 24 басылымының хабарлауынша, туристік қайық Қызыл теңіздің солтүстігін аралауға шыққан. Апатқа катердің тесілуі және қатты жел себеп болған көрінеді.
Батып кеткен су көлігінің бортында 26 турист, 8 экипаж мүшесі және үш сүңгуір нұсқаушысы болған. Олардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз.
Капитан апат туралы хабарды жеткізген бойда Жағалау күзеті көмекке келген. Адамдар эвакуацияланды. Дегенмен әртүрлі дәрежеде жарақат алған алты адам ауруханаға жеткізілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

