Мысырда тігін фабрикасында өрт шығып, адамдар қаза тапты
26.09.2025 22:44
Фото:
t.me/aznovost
Мысырдың солтүстігінде орналасқан Гарбия провинциясындағы Эль-Махалла-эль-Кубра қаласындағы тігін фабрикасында өрт болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қайғылы жағдайдан кемінде сегіз адам қаза тауып, 35 адам жарақат алған.
Ведомство мәліметінше, оқиға орнына 26 жедел жәрдем көлігі жіберілген. Барлық зардап шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілген.
Al-Youm as-Sabia ақпараттық порталының дерегінше, фабрика ғимаратының бір бөлігі құлаған. Құтқарушылар үйінді астында қалғандарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда өрттің себебін анықтау үшін билік тарапынан тергеу басталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

