Sky News — Arabia

Мысырда полиция қызметкері израильдік туристерді атып өлтірді

09.10.2023 00:30

Мысырдың Александрия қаласында қаруланған ер адам израильдік туристер мінген автобусқа оқ жаудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Израиль Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, атыстан екі израильдік қайтыс болған.

Жергілікті БАҚ өкілдері атыс ашқан полиция қызметкері екенін жазуда. Шабуыл жасаған адам ұсталған.