Жексенбіде Мысырдың солтүстігінде Александрия және Бухейра провинциясында ғимарат қирап, 5 адам қаза тапты және 11-і зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Бухейра провинциясындағы Рашид қаласында сегіз қабатты ғимарат қирап, екі адам қаза тапты және тоғызы жарақат алды. Іздеу және құтқару операциялары жүріп жатыр.
Александрия провинциясынан шығысқа қарай Бакус ауданында тұрғын үйдің екі балконы құлап, үш адам қаза тапты және екеуі зардап шекті. Прокуратура оқиғаны тергеуді бастады.
Еске салайық, маусымда Александрияда 13 қабатты ғимарат қирап, 10 адам мерт болған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

