Жаңалықтар

Мырзахмет, Нұрмаханбет және Дінмұхаммед: Шымкентте үшем дүниеге келді

Мырзахмет, Нұрмаханбет және Дінмұхаммед: Шымкентте үшем дүниеге келді
Фото: instagram.com/gorzdravshymkent 21.05.2024 09:31 901

Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үшем ұлдар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында 15 сәуір күні қалалық перзентханада дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі  1610 грам болып туылған. Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға шығарып, күтіп-баптаған.

Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға