Жаңалықтар

Мырзағали Айтжанов бастаған бокс бапкерлері қызметінен босатылды

Мырзағали Айтжанов бастаған бокс бапкерлері қызметінен босатылды
Фото: ҰОК 14.08.2024 19:29 853

Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:
1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Қазақстан бокс федерациясы жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға