Жаңалықтар

Мылтық, тапанша, граната: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Мылтық, тапанша, граната: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті
Фото: ҰҚК 07.06.2023 10:14 1740

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде тәркіленген қару-жарақ суреттерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, 2023 жылғы сәуір және мамыр айларында полициямен бірге, сонымен қатар прокуратура органдарымен әрекеттесе отырып, қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғандары да бар.

Нәтижесінде 42 бірлік қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатарлары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді, - делінген мәліметте.

Мылтық, тапанша, граната: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Мылтық, тапанша, граната: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Мылтық, тапанша, граната: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Мылтық, тапанша, граната: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Мылтық, тапанша, граната: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға