Мьянмада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны мыңнан асты
29.03.2025 12:44
Фото:
© El.kz
Мьянмада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны 1002 адамға жетті, ал 2376 адам түрлі жарақаттар алып, зардап шеккендер тізіміне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша, үйінділерді ашу барысында құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін.
Қазіргі таңда Қытай, Үндістан және Ресей Мьянмаға көмек ретінде медициналық және құтқару бригадаларын жолдаған.
Зілзала 28 наурызда, жұма күні түстен кейін жергілікті уақыт бойынша тіркелді. Оның магнитудасы 7,7 және 6,4 балл болған.
Жер сілкінісінің дүмпуі көршілес Қытай мен Таиландта да сезілді. Бангкок қаласында аяқталмаған зәулім ғимарат құлап, оның астында бірнеше ондаған адам қалуы мүмкін деген болжам бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

