Жаңалықтар

«Мың бала» жобасы: Қазақ тілінің жоғары мәртебесі

«Мың бала» жобасы: Қазақ тілінің жоғары мәртебесі
31.10.2019 16:09 4029

Қарағандының Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді насихаттауға, қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін танытуға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық жобасын қорытындылауға арналған салтанатты іс-шара өтті.       

«Мың бала» жобасы: Қазақ тілінің жоғары мәртебесі

«Мың бала» жобасы мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларының, әр түрлі этникалық топтардың жастарын қазақ тіліне оқыту барысында азаматтық ұстанымында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға жәрдемдесуді көздейді. Оның бағдарламасы «мәдени-тілдік ортаны игертуге» бағытталған халықаралық тәжірибенің мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық қатысушыларды мәдени-лингвистикалық ортаға толығымен енгізетіндей етіп құрылған: мемлекеттік тілде фильмдер мен мультфильмдер көруге, шығармашылық жобаларды қорғауға, театрландырылған қойылымдарға, конкурстар мен байқауларға қатысуға арналған.

«Мың бала» жобасы: Қазақ тілінің жоғары мәртебесі

Тағылымы мол шараны мемлекеттік тілде жүргізген Юрий Михуля мен Елизавета Седышева «Тіл жанашыры» және «Абай оқулары» байқауларының жеңімпаздары.

Аталған жиынға аймақтағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, оқытушылар, оқушылар мен студенттер белсенді қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов құттықтау сөз сөйлеп, мұндай жобаның қазақстандық бірыңғай қоғамды қалыптастырудағы маңыздылығын және жобаның міндеті қазақ халқының мәдениетін, түрлі зтностардың тілі мен дәстүрлерін дамытудың шоғырландырушы факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін нығайту болып табылатынындығына тоқталды. Бұл міндетке біртіндеп қол жеткізуінің дәлелі өткен жылғы жобаға қатысушылардың тамаша өнер көрсетулері екендігін атап өтті.

«Мың бала» жобасы: Қазақ тілінің жоғары мәртебесі

Өткен коккурста марапаттау мынадай бағыттар бойынша өткен болатын: шешендік өнер мектебі, эссе сайысы, мемлекеттік тілді насихаттау, қазақстандық патриотизм, достық пен бірлік бойынша бейнероликтер байқауы. Биылғы жылы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Сен де бір кірпіш дүниеге...», және «Өзім туралы» айдарымен латын әліпбиінде шығарма жазу байқауы сияқты жаңа номинациялар қосылды.

«Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы жақсы нәтиже беруде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысы бойынша ашық диктант өтті, оған жалпы саны 40 000-дай болатын әр түрлі этностардың өкілдері қатысты. Абай175 челленджіне, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына, Қасым оқулары, Күлтегін жыры және тағы басқа ұйымдастырылған мәдени-әдеби іс-шараларға түрлі этностардың өкілдері белсене қатысып, олар ақын-шайырлар еңбектерін қазақ тілінде сөйлетуге келгенде нағыз шебер орындаушылар екендіктерін таныта білді», - деді облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Бекзат Алтынбеков.

«Мың бала» жобасы: Қазақ тілінің жоғары мәртебесі

«Асыл сөз» номинациясы бойынша Шахтерское кентіндегі К. Шайменова атындағы мектеп-балабақша кешенінің өкілі Виолетта Головастую жеңімпаз деп танылды. Латын әліпбиінде өткізілген «Сен де бір кірпіш дүниеге...» байқауында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі акция нәтижесі бойынша Шахтинск қаласындағы Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Жанна Сеченева жеңіске жетті. «Өзім туралы» атты төртінші номинация бойынша №93 гимназияның оқушысы Карина Пантузенко үздік атанды.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Журналистермен болған сұхбатта өз жеңісі туралы ой бөліскен Жанна Сеченова енді ол келесі айда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық шараға дайындалып жатқанындығына тоқталып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға