16 Маусым 2023, 17:00

Музыка мемлекеттік тапсырыспен жазылмау керек - Ерболат Беделхан | PodcastTime

PodcastТime жобасының кезекті шығарылымы қазақ поп музыкасына арналды. Түсірілімге музыкант әрі продюсер Ерболат Беделхан және журналист, продюсер Тимур Балымбетов қатысты. Сарапшылар отандық шоу бизнестегі "былықтар" мен той бизнестегі "халтурщиктер" жайлы әңгіме қозғады. Кеңестік идеялогияның поп музыкаға ықпалы, музыкаға мемлекеттің араласуы,цензура секілді өзекті мәселелер талқыланды. Сарапшылар авторлық құқық, шығармашылық тоқырау, қазақ поп музыкасының сапасы, әншілердің табыс көзі секілді сұрақтарға бүкпесіз жауап берді.

Бөлісу: