Қазақстан мен Украина СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Украина тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өзара қызығушылық тудыратын түрлі салаларда оны одан әрі нығайтуға ортақ мүдделілік білдірді.
М.Нұртілеу өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін халықаралық құқық қағидаттарына негізделген берік бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы дипломатиялық күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

