Мұрат Нұртілеу Түрікменстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
03.07.2025 03:32
Фото:
СІМ-нің баспасөз қызметі
Еліміздің премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылаған.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге өзара бейілділік білдірілді.
Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

